СҚО полицейлері бір күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 35 фактісін анықтады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бір күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 35 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО аумағында бір күнде шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 35 фактісі анықталды. Мәселен, петропавлдық құрылыстардың бірінде Тәжікстанның сегіз азаматы заңсыз еңбек еткен. Сонымен қатар құқық бұзушылардың арасында Қытайдың бір азаматы да бар. Ол облыстағы кәсіпорындардың бірінде монтаждау жұмысын жүзеге асырған және визада көрсетілген мерзімді бұзған. Жұмыскер мен шетелдіктің келу заңдылығын қамтамасыз етпеген немесе оның елдің шегінен шығуына шара қабылдамаған кәсіпорынның иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаевтың айтуынша, барлық қазақстандықтар заңмен жүктелген міндеттемелерін есте сақтаған жөн. Шетелден келген қонақтар жайлы ішкі істер органдарын уақтылы хабарлар ету қажет. Келу мерзімін бұзған шетелдіктерге тұрғын жай беруге, еңбекпен айналысуға құқығы жоқ басқа елдің азаматтарын жұмысқа қабылдауға болмайды.
Көші-қон заңнамасын сақтау — облыста 6 желтоқсанда басталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты. ЖПІШ алғашқы күнінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған бес жұмыс берушіге әкімшілік жаза қолданылды.
Шетелдіктердің келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін ҚР 27 азаматы жауапкершілікке тартылды. 35 шетелдік келу қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды. Оның ішінде екеуі еліміздің заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін ҚР тыс жерге шығарылды.