Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ерекше сезім”: Ақтөбеде полицей қыз еріктілер қатарында жүр

Ақтөбеде еріктілер қатарында полицей қыз көмек көрсетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасында бос уақытында игі істермен айналысатын еріктілер аз емес.

Олардың бірі – Ақтөбе облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкері Әсем Капанова.

Ол ішкі істер органдарында екінші жыл жұмыс істейді. Тәжірибесінің аздығына қарамастан, ол өзін жауапты, сенімді, әділ қызметкер ретінде көрсетті. Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің, ЖПҚБ бастығы А.Саймағамбетовтың, Ақтөбе облысының ТЖД бастығы М. Аманбаевтың, Ақтөбе облысы ПД бастығы А.Арыстановтың қолынан Алғыс хаттар алған.

Әсемнің айтуынша, ол бала кезінен ішкі істер органдарында жұмыс істеуді армандаған. Полициядағы жұмыс белгілі бір дәрежеде еріктілердің жұмысымен байланысты, өйткені бұл сала полиция қызметкерінің де, еріктінің де өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болады.

Бірнеше жыл бойы Әсем “ZELLO POISK” тобының еріктісі және үйлестірушісі болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда командада 25 адам бар. Топтағы мүше адамдар жоғалған адамдарды іздеу әдістерін жасайды, іздеу бағытын анықтайды және осы тапсырмаларды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Күндіз-түні олар мүлдем бейтаныс адамды іздеп, уақыт пен күш жұмсайды.

– Мен команданың мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Мен ерікті ретінде адамдарға қандай да бір қуаныш сыйлай алсам, ризамын. Адам өмірін сақтау, жоғалған адамның табылғанын есту – ерекше сезім, – дейді Әсем.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру