Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері Тұңғыш Президент күніне арнап көрме ұйымдастырды

Ақтөбе полицейлері Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханада Тұңғыш Президент күніне арналған “Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі” атты тақырыптық көрме өтті.

Жыл сайын ПД мұражайы мәдени-білім беру мекемелерімен бірлесіп, әртүрлі сипаттағы іс-шараларды, мысалы ашық есік күндерін, тақырыптық экскурсияларды және т.б. өткізеді.

Көрмеге КСБ бастығының орынбасары Бауыржан Максимов, облыстық ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин, С.Бәйішев атындағы кітапхананың оқу залының меңгерушісі Гүлмайрам Алтаева, С.Бәйішев атындағы кітапхананың оқу залының бөлім меңгерушісі Гүлзада Бейсенова және жас полиция қызметкерлері қатысты.

– Көрменің негізгі басымдықтары жас полиция қызметкерлерін Тұңғыш Президенттің өмірбаянымен, идеяларымен және бастамаларымен, президенттік саясатпен таныстыру, патриоттық сезімді қалыптастыру, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет басшысының қызметін көрсететін әдебиетті дәріптеу, – деді КСБ бастығының орынбасары Бауыржан Максимов.

ПД мұражайы қоғамдық ұйымдармен, кітапханалармен, мұражайлармен, оқу орындарымен және т. б. тығыз байланыста екенін атап өткіміз келеді.

Іс-шара С.Бәйішев атындағы кітапхана қызметкерлеріне Алғыс хаттар тапсырумен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру