Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда әлем чемпионатының жүлдегерлері есірткіге қарсы концертке қатысты

Қостанайда әлем чемпионатының жүлдегерлері есірткіге қарсы концертке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қостанай облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Мирас” мәдениет үйімен бірлесіп, “Есірткіге жоқ де!” деген атаумен № 19, 20, 23 мектеп оқушыларымен кездесу концертін өткізді.

Кездесуге облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері, психикалық денсаулық орталығының психологы Елена Масленникова, сондай-ақ белбеу күресінен әлем чемпионатының жүлдегер спортшылары Рахмет Сапиев пен Данияр Кункубаев қатысты.

– Қазір есірткінің жаңа түрлері пайда болуда, оларды синтетикалық деп атайды – бұл спайстар, микстер, тұздар және т.б.​ Оларды жастар қызығушылық үшін тек 1 рет көруге болатын жеңіл есірткі заттар деп санайды. Шын мәнінде, олар алғашқы қолданудан-ақ тәуелділік шақырады. Сондықтан біз есірткінің аса қауіпті екенін түсіндіру үшін, жасөспірімдермен осындай кездесулер, әңгімелесулерді жиі өткіземіз, – деп атап өтті ЕҚҚІҚБ қызметкері Айгүл Ерадилова.

Іс-шараға қатысушылар ең басты байлық – адам денсаулығы жайында әңгімелеп, оқушыларға есірткінің адам ағзасына және психикасына қандай зиян келтіретінін жеткізуге тырысты, есірткі құралдарын қолданғаны және таратқаны үшін жазалау шаралары туралы айтты, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын сақтауға және спортпен шұғылдануға шақырды.

– Есірткіге тәуелді адамдар кезекті дозаға ақша іздеу жолында, ұрлық, алаяқтық, тіпті кісі өлтіруге де барулары мүмкін. Осылайша, олар өз өмірлеріне өздері қиянат жасайды. Спортпен шұғылданыңыз. Өйткені дені саудың – жаны сау. Есірткіге жоқ деңіз!, – деді оқушыларға белбеу күресінен әлемнің күміс жүлдегері Рахмет Сәпиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру