Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы өткізілуде

ШҚО-да “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зорлық-зомбылықтың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және қоғамды тарта отырып ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап ШҚО аумағында  “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” акциясы басталды.Тұрмыстық зорлық-зомбылық-ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Айта кетсек, полиция органдарының негізгі міндеттерінің бірі – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Осыған байланысты ағымдағы жылдың басынан бастап ШҚО құқықтық тәртіп сақшылары тұрмыс саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты сегіз мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Оларды бұзғаны үшін 1 350-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Акцияның бірінші күні ІІО есебінде тұрған 476 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, оның ішінде 132 қолайсыз отбасы, 344 отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар. 77 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Сот тәртібінде 63 ерекше талап белгіленді.

Осы іс-шара аясында ағымдағы жылдың 25 қарашасында Өскемен қаласының ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде ШҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлері “Белая лента” челленджін өткізді, оның барысында қала тұрғындарына ақ ленталар мен буклеттер таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс – шараның мақсаты-қоғамның назарын отбасылық құндылықтарды сақтау және отбасын нығайту мәселелеріне аудару.

Ақ лента – кез-келген түрдегі зорлық-зомбылықпен келіспеудің белгісі. Ақ лентаны таққан адам зорлық-зомбылыққа наразылығын көрсетеді.

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” акциясы ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады, алайда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру