Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері «Динамо» ДШСҚ спартакиадасына қатысты

СҚО полицейлері «Динамо» ДШСҚ спартакиадасына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері Борки кентіндегі шаңғы трассасына жиналды. Мұнда «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы басталды.

Жарыс жыл сайын өткізіледі. Спартакиаданың бірінші түрі-шаңғы жарысы. Биылғы жылы полиция әйелдері екі орынды иеленіп, ер адамдарды артта қалдырды. Әйелдер жарысында үшінші болып Мамлют ауданының ПБ қызметкері Юлия Волошина мәреге жетті, ал СҚО ПД аппаратының қызметкері Татьяна Долбышева жарыстың сөзсіз көшбасшысы атанды. Татьяна — жоғары деңгейдегі спортшы, халықаралық жарыстардың қатысушысы. Конькимен жүгіру, шаңғы және жеңіл атлетикамен айналысады. Ерлер арасында Петропавл қаласы полиция басқармасының дене шынықтыру ұжымы полицейлерге спорттық даңқ әкелді. Қылмыспен күресушілер үшінші командалық орынды иеленді, ҚР Ұлттық ұлан академиясының және 6637 әскери бөлімінің ұжымдары, тиісінше бірінші және екінші орындарға ие болды.

– Спортпен шұғылдану құқықтық тәртіп сақшыларына жақсы дене шынықтыруға көмектеседі және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Жарысқа облыстың күш құрылымдарының 16 дене шынықтыру ұжымы қатысты. «Динамо» ДШСҚ спартакиадасы 7 спорт түрін қамтиды, келесі кезекте волейболдан жарыстар өтеді, олар наурыз айының басында жоспарланған, — дейді СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Орал Хамзин. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру