СҚО полицейлері екі нысанда терроризмге қарсы қорғаудың бұзылуын анықтады
СҚО полицейлері екі нысанда терроризмге қарсы қорғаудың бұзылуын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторийдің аяқталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруді қайта бастады.
Терроризмге қарсы қорғалу жағдайы қазіргі заманғы инженерлік-техникалық жабдықтың болуына, персоналдың кенеттен туындайтын дағдарыстық жағдайда әрекет етуге дайындығына да байланысты. Бұл үшін объектілердің басшылығы оқу-профилактикалық және өзге де іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Ең алдымен полиция қызметкерлері білім беру нысандарын тексеруде. Балабақшалардың бірінде бейнебақылау және дауыстап хабар беру жүйесіндегі кемшіліктер анықталды.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесіп бұрын бұзушылықтар анықталған стратегиялық нысандар тексерілді. Белгілі болғандай, басшы оларды дер кезінде жою шараларын қабылдамаған.
Екі жағдайда да басшылар тиісінше 50 және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылды.