СҚО полицейлері есірткі таратқан адамнан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі
СҚО полицейлері есірткі таратқан адамнан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақсатты жедел іс-шаралар нәтижесінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 27 жастағы Ақтөбе қ. тұрғынын анықтап ұстады. Ол синтетикалық есірткіні жасырып кету арқылы таратты деген күдікке ілінген. Ұстау кезінде одан ұнтақ тәріздес ақ түсті затпен 9 түйіншек алынды. Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырылған жерлерден және 3-уі жалға алған пәтерден табылды. Сол жерден есірткі жасаушылардың құралдары да табылды, атап айтқанда, грамдық таразы, өлшеуіш қасық, буып түйетін материал (зиполктар, оқшаулау таспасы) алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қазіргі уақытта аталған бапты есірткі сатылымын көздейтін ҚР ҚК 297-бабына қайта саралау жоспарланып отыр.
– Келіп түскен сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат «мефедрон» деген атпен белгілі қазіргі таңда аса қауіпті есірткі болып табылады, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев. — Тәркіленген заттың жалпы салмағы — 49,15 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Алынған заттың саны қарапайым есеп бойынша бір рет пайдалануға болатын 800 дозаны құрайды. Синтетикалық есірткіні таратумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бұл осымен синтетикалық есірткіні «жасыруды» ұйымдастыруда күдікті басқа қалалардың тұрғынын ұстаудың төртінші жағдайы тіркеліп отыр.