Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 7 ЖКО орын алды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен жеті жол-көлік оиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бұл жол-көлік оқиғаларының туындау себептерінің алдын алуға және олардың зардаптарының ауырлығын төмендетуге бағытталған қызмет. Жол қозғалысының барлық қатысушылары оларды қатаң орындауы керек. Алайда, жазаның күшейтілген шараларына қарамастан, құқық бұзушылықтар орын алуда.

Жарты жыл ішінде Ақтөбеде мас жүргізушілердің кінәсінен жеті ЖКО орын алды, онда екі адам қаза тауып, тоғыз адам зардап шекті.

Бүгінгі күні көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал адам денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе абайсызда адам қайтыс болған кезде-ең жоғары жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері ҚР ҚК 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша 85 жүргізуші жауапқа тартылған.

Патрульдік полиция нарядтары күн сайын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

Сонымен қатар, облыстың автожолдарындағы апаттардың алдын алу мақсатында полиция департаменті ай сайын “Қауіпсіз жол”, “Автобус” және “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші” профилактикалық іс-шараларын жүргізеді.

Құрметті азаматтар, автожолда сақ болыңыздар. Жол қателіктерді кешірмейді. Сіздің қырағылығыңыз Сізге ғана емес, жақын адамдарыңыздың да өмірін сақтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру