СҚО полицейлері гала-концерт өткізді
СҚО полицейлері Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында гала-концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде қазақстандық полицияның 30 жылдығы қарсаңында гала-концерт өтті. Өз әріптестері мен ардагерлерге аумақтық полиция бөліністерінің қызметкерлері өнерлерін паш етті.
Іс-шара соңында көркемөнерпаздарды, суреттер байқауына қатысқан балаларды, сондай-ақ погондағы спортшыларды марапаттау салтанаты өтті. Музыкалық аспаптарда ойнау, әндерді орындау, шығармаларды оқу және би нөмірлері – ел полициясының мерейтойына арналған гала-концертте аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері өнерлерін ортаға салды.
Іс-шара алдында олар іріктеуден өтті. Ведомствоның мәдени орталығының қызметкерлері арнайы ұйымдастырылған тыңдауда үздіктерді анықтады. Погондағы әртістердің барлық нөмірлеріне көрермендер зор қошемет білдірді, әсіресе, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі қызметкерлерінің хоры дайындаған нөмір әсерлі болды.
Көрермендер Тайынша ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Жамалдин Сүлейменовтің орындаған «Өз елім» әніне ерекше қол шапалақтады. Облыстың полиция көркемөнерпаздар шығармашылығы фестиваліне қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, Отан қорғаушылар мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу аясында полиция қызметкерлері балаларының арасында «Соғыссыз әлем» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Оған қаладан және облыс аудандарынан түрлі жастағы балалар қатысты. Байқауға қатысқандардың ерекше шығармашылықтары мен зор талпыныстары үшін жас суретшілерді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады.
Жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстарға қатысқан «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының қоғамдық бірлестігі спартакиадасына қатысушылардың спорттық жетістіктері атап өтілді.
Командалық біріншіліктің қорытындысы бойынша үшінші орынды Есіл ауданының полиция бөлімі, ал екінші орынды Ұлттық ұлан академиясы иеленді. Бірінші орын облыстық Полиция департаментіне берілді.
СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлованың айтуынша, мұндай шығармашылық кездесулер мен мәдени іс-шаралар полицейлердің қиындыққа толы әрі жауапты қызметінде аса қажет. Мерейтой қарсаңында ел полицейлері бірқатар осындай іс-шараларды, оның ішінде Ішкі істер министрлігінде өтетін концертке қатысуды жоспарлап отыр. 23 маусымда тәртіп сақшылары Қазақстан полицияның 30 жылдығын атап өтеді.