Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі акцияға Мамлютка қаласында және Мамлют ауданының 11 ауылдық округінің әрқайсысынан жүздеген адам қатысты. Әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру және медицина, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ бей-жай қарамайтын адамдар учаскелік инспекторлармен бірігіп, үйлерді аралап, жадынамалар таратты, желілік алаяқтардың айла-амалдарын түсіндірді. Олар ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдарымен де кездесті. Ата-аналарына табыс ету үшін жадынамалар оқушыларға да берілді.

– Аудан аумағында 18846 адам тұрады, үш күндік акция аясында 7 мыңға тұрғынға ақпараттық брошюралар тартылды. Негізгі ой – сервистік үлгі шеңберінде қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу арқылы адамдарды веб-қылмыстың алдын алуға белсенді түрде тарту. Учаскелік инспекторлармен бірге үйлерді аралаған әрбір адам тақырыпқа ден қойып, жақсы түсінген, жеке және қаржылық деректердің құпиялылығын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін, интернет арқылы сатып алу кезінде алдын ала төлеуге келіспеу қажет екенін, “банктен шалынатын қоңырауларға” сенудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы меңгерді. Профилактикалық іс-шараларды өткізушілермен сөйлескен адамдар ойланбай жасалған әрекеттерден сақтану үшін бұдан былай достарына ескертеді деген сенімдеміз, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Иса Мұстафин.


Өткен жылы Мамлют ауданында осындай алты қылмыс тіркелді, биыл екі дерек тіркелген. Тәртіп сақшыларының ақпараттық жұмысы әр адам қылмыстық қол сұғушылықты әшкерелеуге дайын болуы үшін жасалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру