СҚО полицейлері интернет алаяқтықтың тағы бір түрін ашты
Қаскөйлер әлеуметтік желі арқылы өз айлаларын асырып жатыр. Қала тұрғынының бұрын СҚО-да кездеспеген интернет-алаяқтықтың құрбанына айналғаны белгілі болды , – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Интернет-алаяқтар әлеуметтік желіні жеке пайдаларына қолданып жатыр. Жыл сайын сенгіш қала тұрғындары тұзаққа түсіп, алданып келеді.
«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жалған парақша арқылы алдап, қала тұрғынының жеке құжаттарын қолына түсірген. Петропавлдықтың оған жіберілген құжаттары бойынша интернет арқылы рәсімделген несие ақша екендігіне күдігі болмаған.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен Уәлиханов ауданының 19 жасар тұрғынын ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
– Интернет арқылы сөйлескен кезде сақ болған жөн. Құпия ақпараттар: банк картасының пин-коды, шот номері, банк картасының сыртқы жағында орналасқан CVV/CVC-коды, ұялы телефоныңызға sms-хабарлама түрінде келген растау кодын бөгде адамдарға сеніп тапсырмаңыздар. Хабарламалар сайты арқылы мәміле жасаған кезде алдын ала төлем жасауға келіспеу қажет. Ұсынылған тауарлар мен қызметтердің шынайылығына көз жеткізген дұрыс – мысалға, бейне шолу жасауды, бейне қоңырау арқылы сөйлесуді талап ету қажет , – дейді СҚО ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Виталий Подчернин.