СҚО полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын іздеп тапты
СҚО полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қазан күні полицияға Петропавл қаласының 68 жастағы тұрғыны жүгініп, сағат 14:00 шамасында 14 жастағы немересі серуендеуге шығып кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған. Атасының сөзінше, бала үстінде көк күртеше, аяғында қара-ақ түсті кроссовки, қолында өзі мініп жүрген қара түсті самокат болған.
7 жастағы екінші сынып оқушысын іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Ювеналды полиция, жедел уәкілдер, еріктілер, ұстаздар сыныптастарының ата-аналары мен бей-жай қарамайтын адамдар сияқты мамандардың барлығы іздеуге қатысты. Іздестірудің нәтижесінде 23:07 шамасында Темір жол вокзалының Сәтпаев көшесі бойында жоғалған баланы криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Айбек Байқадамов тапты.
Баланың жағдайы жақсы екені анықталды. Баланың телефоны болмай, көшеде ойнап жүріп, уақытқа қарауды ұмытып кеткен көрінеді. Полиция қызметкерлері оны туыстарына аман-есен тапсырды.
Полиция департаменті іздестіруге қатысқан еріктілерге, педагогтарға, ата-аналарға, сондай-ақ әлеуметтік желілердің арналарында бағдарды жедел орналастырған жергілікті жұртшылықтың әкімшілеріне алғысын білдіреді.