СҚО полицейлері кәсіпорында жасалған ұрлықты ашты
СҚО полицейлері аудандық ауыл шаруашылық кәсіпорындардың бірінде жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауыл шаруашылық құрылымдарының қорғалуы – астықты өлкеде бұл мәселе әсіресе астық жинау кезінде аса өзекті. СҚО полицейлері ЖШС мүлкін ұрлау, шаруа және фермерлік қожалықтарындағы ұрлықтардың алдын алу жұмысын жүргізеді. Учаскелік полиция инспекторлары кәсіпорындардың басшыларымен кездесіп, жадынамалар таратады, техникалық нығайтылуды күшейту қажеттігі туралы хабарландыру парақтарын береді. Қауіпсіздік шараларын елемеу – қылмыстың жасалуына жағдай жасайды.
Тимирязев ауданындағы ауыл шаруашылық құрылымдардың бірінің иесі демалыстан келген соң, бөлшектер мен құрал-жабдықтың жоғалғанын анықтаған. Атап айтқанда, трактордың бір бөлшегі және астық қоймасындағы екі камера қолды болған. Камералардың жұмыс істемейтіні белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы ауыл тұрғынының қылмысқа қатысы анықталды. Сондай-ақ, электр қозғалтқышты және кабелді ұрлауда күдікті ұсталды. Күдікті 53 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша енгізілді.
– Ұрланған заттар алынды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ауданда ондаған шаруашылықтар бар, аудан орталығының өзінде 20. Әрқайсымен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Терезедегі торлар мен құлыптар, күзет, бейне бақылау және басқа да шаралар – ұрлықты болдырмауға бағытталған сенімді құрал болып табылады, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нарлан Жұмабаев.