СҚО полицейлері көктайғақ қаупі жайлы жүргізушілерді ескертеді
СҚО полицейлері көктайғақ қаупі жайлы жүргізушілерді ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін Солтүстік Қазақстандағы климаттың ерекшеліктеріне байланысты ауа райын мұқият қадағалап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді. Қысқы шиналарға ауыстыруды уақтылы жоспарлаған жөн. Температура төмендеген кезде көктайғақ болуы мүмкін. Бұл жағдайда апаттың қаупін азайтуға аса маңызды екі кеңес: қозғалыс жылдамдығын азайту және алда кетіп бара жатқан көлікге дейінгі арақашықтықты ұлғайту септігін тигізеді. Бұл жол-көлік оқиғасын жасау қаупі туындаған кезде шешім қабылдау үшін уақытты ұтуға көмектеседі.
– Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, барлық жағдайда, сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін кезеңде сақ болу – өте маңызды. Жолда жаяу жүргіншілерден де аса сақтық таныту талап етіледі. Қар жауып, мұз пайда болған уақытта көлік құралдарын тежеу қиындайды. Жаяу жүргіншілер жолағына шыққан кезде жүргізушілердің өткізетіндігіне көз жеткізіңіз. Ересектер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қосымша түсіндіруі қажет, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.