Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жәрдемақы алып беремін”: шымкенттікті алдап кеткен әйел құрықталды

Жәрдемақы алып беремін деп шымкенттікті алдап кеткен әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп сеніміне кірген. Содан жәбірленуші алаяққа 120 мың теңге ақша берген. Ал танысы болса ақша алғаннан кейін әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай әбігерге салған.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру