Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адам көршісінен құрал-саймандарды ұрлап кетті

Ақтөбеде ер адам көршісінен құрал-саймандарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 41 жастағы әйелден ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, оның үй ауласынан бетон араластырғыш, арба және жылытқыш ұрланған. Шығын сомасы 59 000 теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері өтініш берушінің 46 жастағы көршісін анықтап, ұстады. Ер адам өз ісін мойындады. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру