Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері “Браконьер” ЖААШ барысында 30-дан астам бұзушылықты анықтады

ШҚО полицейлері “Браконьер” ЖААШ барысында 30-дан астам бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 37 рейдтік іс-шара өткізіліп, табиғат қорғау заңнамасындағы 33 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін – 20, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін – 13. ҚР ҚК 335-бабы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша 2 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Азаматтардың назарына жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ басқа да су биоресурстарын пайдалану және өндіру табиғат қорғау заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылатынын жеткіземіз. Өзге жағдайларда сіз құқық бұзушылықтың түріне байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуыңыз мүмкін екендігін естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру