Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 80-нен астам шетелдікке айыппұл салды

Түркістандық полицейлер 80-нен астам шетелдікке айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөлімі көші-қон қызметкерлері ағымдағы жылдың 11-20 қазан күндері аралығында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында қарқынды қызмет жасап, құқық бұзушылықтарды анықтауда.

Атап айтар болсақ “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасында Кентау қаласында 84 Өзбекстан елінің азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыппұл салынды. Сонымен қатар полицейлер құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге алдағы уақытта мұндай заң бұзушылық орын алмасы үшін тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру