Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері көлігінің дөңгелегі жарылған жүргізушіге көмектесті

СҚО полицейлері көлігінің дөңгелегі жарылған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев жеке құрамды адамдарға көмек көрсетуге бағдарлайды. Бұл нұсқауды басты назарда ұстайтын бөліністердің бірі – облыстық патрульдік полиция батальоны. Батальон қызметкерлері жолда қиын жағдайға ұшыраған адамдарды құтқарып тұрады. 22 желтоқсанда СҚО ПД ППБ қызметкерлері Жамбыл Қайыров және Асхат Қамалиев Степногорск қ. тұрғынына «ГАЗель» көлігінің доңғалағын ауыстыруға көмектесті. Ер адам домкратын қалдырып кеткен екен. Ол Петропавлдан сыйға арналған ыдыс тиелген жүкпен келе жатқан. Нұр-Сұлтан-Петропавл жолының 358 шақырымында алдыңғы дөңгелегі жарылған екен. Жүргізушінің айтуынша, ол сағатына 70 км жылдамдығымен келе жатқан, жолы болып, аударылудан аман қалған. Тәртіп сақшылары ер адамға патрульдік көліктің ішінде жылынып алуға мүмкіндік беріп, доңғалақты ауыстыруға көмектескен.

– Кейбір азаматтар алғыстарын әлеуметтік желілерде білдіреді, айтып жатады да, – деді Жамбыл Қайыров. – Біз үшін жүргізушінің ары қарай жүріп кетуі маңызды.

Солтүстікқазақстандық полиция басшысының айтуынша, әр бөлініс қол ұшын созуды жұмысының нәтижесі ретінде қарастыруы тиіс. Бұл қызметтің сервистік моделіне көшуде сенімді бағдарлаушы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру