СҚО полицейлері колледж студенттеріне интернетте сақ болу жайлы айтты
СҚО полицейлері колледж студенттеріне интернетте сақ болу жайлы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Әңгіме барысында буллингтен бастап әлеуметтік желілердегі деструктивті ойындарға дейін күрделі тақырыптар қозғалды.
Ұжымда салауатты атмосфераның болмауы – зорлық-зомбылық, қоғамдық қауіпті идеологияларға құштарлыққа, экстремистік көзқарастар көріністерінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Шетелдердегі оқу орындарындағы жаппай атыстың атышулы мысалдары да құрбы-құрдастарының қудалауынан немесе деструктивті интернет-ресурстарға жүйелі түрде кіруден туындайды. Осындай тенденциялардың алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері мұғалімдермен, мектеп психологтарымен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
– Профилактика өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге негізделуі керектігі айдан анық. Интернетте экстремизмді, зорлық-зомбылықты немесе суицидті насихаттайтын ресурстар бар. Мұның негізінде фильмдер мен бейне ойындардағы зорлық пен қатыгездік жатыр. Біз жастарға зорлық-зомбылық идеяларының арбауына түсудің құқықтық салдарын түсіндіру, өмірде және интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, деструктивті үгіт-насихат жүргізетін веб-ресурстардан аулақ болуға үйрету міндетін қойдық. Алдын алу жұмыстары өзге де оқу орындарында жалғасын табады, – дейді басқарма бастығы Руслан Жарасбаев.