Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мал ұрлаудағы күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері мал ұрлаудағы күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығы Саумалкөлдің тұрғыны полицейлерге сиырын іздеуге көмектесу туралы өтінішімен жүгінген. Үй жануарының жоғалғанына аптадан артық болған. Әйел қоршалмаған ауладан «жан бағып» отырған малы жібі ағытылып, орманға кетті деп ойлаған. Алайда Айыртау ауданының ПБ қызметкерлері ұрлық фактісін анықтады. Сол күні үш күдікті – 23,21 мен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Олардың біреуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандар 22 мамырға қараған түні байлаудағы сиырды ағытып, олардың біреуіне тиесілі ГАЗель көлігіне тиеп, аудан орталығының тұрғынына 100 мың теңгеге сатқан. Сатып алған адам сиырды сойып, етін Көкшетау қ. өткізген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 2-б. (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты күзетпен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар келтірген шығын 250 мың теңгеге бағалануда.

– Бұл жыл басынан ауданда орын алған мал ұрлығының үшінші жағдайы, — дейді ауданның ПБ бастығы Марат Серкешев. — Алғашқы екеуі мал ұрыларына қолайлы жерде, еркін жайылымда жасалған. Тәжірибе көрсеткендей, қараусыз қалған мал қылмыскерлердің оңай олжасына айналады.

Ауданда еркін жайылымға жіберу фактісінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бес айда 39 мал иесі малдарының қараусыз жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. Полицейлер ауыл тұрғындарының: өз мүлкін қорғау бойынша шаралар қабылдауын; мал бағуды ұйымдастыру туралы жергілікті әкімдіктер және бақташылармен үшжақты шарт жасауына, аулалардың техникалық нығайтылуын арттыру қажеттігіне назарын аудартады.

Жыл басынан облыста мал ұрлығының 14 фактісі тіркеліп, оның 13 ашылды, бір факті өндірісте.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру