Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мас жүргізушілерге қатысты 29 қылмыстық іс қозғады

Жыл басынан СҚО полицейлерімен мас жүргізушілерге қатысты 29 қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданының тұрғыны өткен жылдың маусым айында көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылған. Жүргізуші куәлігінен айырыла тұра алкогольдік масаң күйде қайта көлік тізгіндеген. Жуырда Тайынша ауданында полиция қызметкерлерімен 39 жастағы жүргізуші тоқтатылды. Ол есірткілік масаң күйде болған. Биыл ақпан айында көлік басқару құқығынан сегіз жылға айырылған.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бүгінгі таңда көлікті масаң күйде басқару үшін заңнамамен жауапкершілік қатаңдатылды. Баптың санкциясымен бес жылға дейін бас бостандығынан айырудан өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

– Мас жүргізушілер жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін үлкен қауіп төндіреді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күнделікті қызмет барысында осындай санаттағы жүргізушілерді анықтауда күшейтілген түрде жұмыс істейді. Жол қозғалысының қатысушылары әрдайым жол үстінде мұқият болуы тиіс. Әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелден өтпес бұрын автокөлік жүргізушілерінің оларға жол үстінде басымдық беріп жатқанына көз жеткізгені дұрыс, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан СҚО жолдарында көлікті масаң күйде басқарған 416 жүргізуші ұсталды. Бұдан бөлек, бұрын көлікті масаң күйде басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге қатысты 29 қылмыстық іс қозғалды. Оның 19-ын тәртіп сақшылары сотқа жіберді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру