СҚО полицейлері мотоцикл жүргізушілерін жол ережесін қатаң сақтауға шақырады
СҚО полицейлері мотоцикл жүргізушілерін жол ережесін қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылы күндер келісімен петропавлдық мотоциклшілер темір тұлпарларын мініп, жол үстіне шыға бастады. Қос дөңгелекті көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі тәртіп сақшыларын алаңдатып отыр.
Мотоциклшілердің белгіленген жылдамдықты асыруы, маневр жасау қағидаларын бұзуы жиі кездеседі. Бұны тәжірибе көрсетіп отыр. Кез келген осындай бұзушылық апатты жағдайға немесе жол-көлік апатына әкеліп соғуы мүмкін.
Жол сақшылары ескерткендей, бұл көліктің жүргізушілері маневр жасағанда, бұрылғанда, басқа жолаққа ауысқанда жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін көрінетін белгілер көрсетуі тиіс. Ереже бұзғандарға заңнамамен айыппұл қарастырылған. Жүргізуші де, жолаушысы да шлем киюі тиіс. Жаз кезіндегі бұдан кейінгі проблема – түнгі мотожарыстарға құмар жүргізушілердің тыныштықты бұзуы. Жұмыс күндері сағат 22.00-ден кейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден кейін тыныштықты бұзу үшін 5 АЕК айыппұл салу көзделген.
– Сондай-ақ, балаларына велосипедтер, скутерлер мен самокаттар сатып алып беретін адамдарға бөлек ақпарат бар. Жол шетімен велосипед мініп жүруге 14 жастан бастап рұқсат етілген. 50 текше метрден көп емес қозғалтқыш көлемі бар скутерлерді және оларға теңестірілген электрсамокаттарды 16 жастан басқаруға болады. Жүргізуші куәлігі болуы міндетті емес. Десе де, жас жүргізушілер Жол жүрісі қағидаларын білуі қажет. Патрульдік полиция бөліністері облыс орталығының және елді мекендердің жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін нығайту жұмыстарын жүргізуде. Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.