СҚО полицейлері “Назар аударыңыз – балалар!” акциясын өткізіп жатыр
СҚО полицейлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша он күндік акция аясында жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 тамызда елімізде “Назар аударыңыз – балалар!” акциясы басталды. 10 күн бойы полицейлер балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша кешенді алдын алу іс-шараларын өткізеді.
Қабылданып жатқан шаралар оқу жылының алғашқы апталарында автомобиль трафигінің артуы аясында жол-көлік жарақатын азайтуға бағытталған.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының және қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Алтын бесік” балабақшасында болды. Балалар үшін жол қозғалысын реттеушінің қимылының мәні бойынша сабақ өткізіп, жол қозғалысы ережелері туралы айтып, патрульдік автокөлікте отыруға шақырды.
Әкімшілік полиция бөлімшелері қызметкерлерінің бақылауы және жәрдемдесуімен оқу орындарының жанындағы жол инфрақұрылымында бұрын анықталған кемшіліктер белсенді түрде жойылуда. “Дорсигнал” ЖШС мамандары жаяу жүргіншілер өткелдерінің таңбаларын жаңартып, белгілерді ретке келтіріп жатыр.
– Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан бір бала қаза тауып, 65-і жарақат алды. Оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 26 тамыздан бастап “Назар аударыңыз – балалар” республикалық акциясы басталды. Аталған іс-шара аясында балалардың жол-көлік жарақаты мәселесі ата-аналар жиналыстарында қаралады, сондай-ақ патрульдеу бағыттары барлық оқу орындарына жақындатылады, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. Григорий Тыш.
Жалпы алғанда, жеті айда Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында 231 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 21 адам қаза тауып, 315 түрлі дене жарақаттарын алды.
“Назар аударыңыз – балалар!” акциясы 6 қыркүйекке дейін жалғасады.