Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері он тонна бидайды ұрлаған күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері он тонна бидайды ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция қызметкерлері арнайы жедел іс-шара барысында қазан айында Есіл ауданындағы кәсіпорындардың бірінде жасалған ұрлық фактісін анықтады. Белгісіз қылмыскерлер қойманың есігін бұзып, КамАЗ көлігін ішке кіргізіп, 10 тонна бидайды қолды қылған. Келтірілген шығын 1,6 млн теңгені құрады. Иесі жасалған ұрлық жайлы білмеген. Жедел уәкілдер оған хабарлап, аз уақытта күдіктіні ұстаған. Ол 29 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ ұрлыққа қатысы бар жақтастары да анықталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. КамАЗ тәркіленді.

Ауданның ПБ бастығының міндетін атқарушы Бейбіт Жұмағазиннің айтуынша, ұрлықтың жасалуына кәсіпорын аумағының нашар техникалық нығайтылуы себеп болған. Полицейлер анықтағандай, астықты тигеннен кейін КамАЗ көлігінің оталмағаны белгілі болды. Жүк көлігі қойма ішінде қалған. Келесі түні қаскөйлер қосалқы бөлшекпен қоймаға қайта барып, көлікті жөндеп, аумақтан кетіп қалған. Кәсіпорын басшылығына қылмыс жасауға ықпал еткен кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жолданатын болады.

– Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршау, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен, есіктер мен терезелерді күшейту бойынша ұсыныстар беріледі. Аталған шаралар заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қаупін айтарлықтай төмендетеді, — дейді Бейбіт Жұмагазин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру