Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері петропавлдықтан жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері петропавлдықтан жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл СҚО полицейлері «синтетиканың» аса ірі мөлшердегі партияларының бірін күдіктінің ауласынан тауып алды.

Күзде солтүстікқазақстандық полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында одан кристалл тәрізді зат салынған зиплок пакет тәркіленді. Жалдамалы пәтерден тағы екі пакет пен темекі шегуге арналған құрылғы табылып, алынды. Полицейлер ұсталғанның тұрғылықты жері бойынша жеке меншік үйдің ауласынан аса ірі мөлшердегі есірткі салынған полимер пакет алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол –  тұз деген атпен белгілі α-PvP есірткі заты. Алынған заттың жалпы салмағы 484,32 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады және 2 мың астам бір реттік қолданатын дозаны құрайды.

– Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа тапсырылды. Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі сатты деген күдікпен 82 адамды ұстады. Заңсыз айналымнан 425 келі есірткі алынды, оның ішінде 3 келі 429 грамы синтетикалық есірткі, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру