СҚО полицейлері қарда құлап жатқан мас азаматты тоңып қалудан сақтады
СҚО полицейлері қарда құлап жатқан мас азаматты тоңып қалудан сақтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 наурыздан 23 наурызға қараған түні ішкі істер органдары есебінде тұрмаған Мамлют аудан орталығының тұрғыны кешті көңілді өткізіп, қонақтан үйіне қайтып келе жатып, тоңып қала жаздады. Таңертең таңғы сағат 05:00 шамасында аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші қызметкерлері бейнебақылау мониторынан қар құрсауына құлап қалған ер адамды байқаған.
Жақын маңда көмекке келетін кезекші бөлімі қызметкерінен басқа ешкім болмаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді. Адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеу мақсатында олар Мамлют қалашығының тұрғына жол табуға көмектесіп, оның мекен-жайын анықтап, тұрғылықты жеріне дейін жеткізіп тастады.
Аудандық полиция бөлім бастығы Петр Климов бейнебақылау технологиялары құқық қорғау органдарының сенімді құралына айналғандығын атап өтті. Облыстың халық ең тығыз қоныстанған аудандары бірінің әкімшілік орталығы аумағында 53 бейнекамера полиция мониторларында шығарылған.
Облыстың ең көп шоғырланған аудандарының бірінің әкімшілік орталығының аумағында қазіргі уақытта полиция мониторларына шығарылған 53 бейнекамера жұмыс істейді. Олардың көмегімен биыл 2 қылмыс ашылып, 364 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.