СҚО полицейлері қару-жарақ дүкендерінің иелерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады
СҚО полицейлері қару-жарақ дүкендерінің иелерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарудың қылмыскерлердің қолына түсуіне жол бермеу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау — мұндай мақсаттар полицейлердің, жеке күзет органдарының қызметкерлерінің, азаматтық және қызметтік қаруды сатумен айналысатын дүкен иелері мен әкімшілерінің тығыз қарым-қатынасын көздейді. СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасында жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесуде тәртіп сақшылары, күзетшілер мен бизнес өкілдері дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл алгоритмін талқылап, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру жолдарын белгіледі.
Талқылаудың басты тақырыбы – Петропавлдың қару-жарақ дүкендеріне жасалған террористік шабуылдар бойынша соңғы тексерулер болды. Дүкен қызметкерлерінің іс-әрекеттері бағаланды-дабыл қағу, шартты террористерді, сондай-ақ күзетшілер мен полиция қызметкерлерін қатерді жою бойынша бұғаттау. Сонымен қатар полицейлер кәсіпкерлерге ҚР ІІМ № 602 бұйрығына жаңашылдық енгізілгендігін жеткізді. Олардың айтуынша, дүкендердің терезелерінде тек қару-жарақ корпустары көрсетілуі керек, жауынгерлік бөлім бөлек сақталады. Осылайша, қару ұрланған жағдайда, ол тікелей қауіп төндірмейді.
СҚО ПД ӘПБ бастығы Серік Әлжанов атап өткендей, мұндай кездесулер қазіргі полиция қызметіндегі өзгерген тәсілдерді айқын көрсетеді. Бұл халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы мен сервистік моделі, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен қоғамның өмір қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға ұмтылыстарының бірлігі.