Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету алгоритмі жайлы айтты

СҚО полицейлері жұртшылық пен блогерлерге қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету алгоритмі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқықтық тәртіп, бақылау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полицейлер облыс мектептерінде қылмыс пен құқық бұзушылық профилактикасын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Тәртіп сақшылары жұртшылыққа, блогерлерге және сарапшыларға №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенін мысалға ала отыра, құқықтық тәртіпті сақтау алгоритмін көрсетті.

№8 мектеп Петропавлдың орталық бөлігінде, Назарбаев көшесінің бойында орналасқан. Екі ауысымда 1268 бала оқиды. Ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары мен педагогтардың ұжымынан бөлек, балалардың қауіпсіздігін 80, оның ішінде 60 – ішкі, 20 – сыртқы камерадан тұратын бейнебақылау жүйесі күзетеді. Жиырма камера қалалық полицияның Жедел басқару орталығына қосылған. Сондай-ақ, мектептің фойесінде «дабыл батырмасы» жабдықталған: қауіпті жағдай орын алса, санаулы минуттарда күзет құрылымдары мен полицейлер лезде жетеді. «СҚО құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Евгений Соловьев, блогер Роман Чудинов, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Сайран Саркеновтың қатысумен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Марина Кузнецова жоғары сынып оқушыларына құқықты түсіндіре отыра, әңгімелесу өткізді. Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан облысында 470-тен аса мектеп бар, оның 46-ы Петропавлда орналасқан. Бейнебақылау камералары облыстың барлық мектептеріне қойылған.
Одан бөлек, полицейлер жұртшылыққа заманауи учаскелік полиция пунктерінің жұмысы жайлы айтып берді. Мысалы, №13 учаскелік пункте алты полицей қызмет етеді. Олар Борки, Новопавловка, Солнечный, сонымен қатар қаланың сол жақ бөлігінің шағын аумағында тұратын 12 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл әкімшілік учаскенің ерекшелігі – ірі саяжай алқаптарында. Он үшінші учаскенің учаскелік инспекторлары бейнебақылау жүйесін жұмыстарында белсенді түрде пайдаланады. Мұнда 20 камера бар.

Учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полицейлердің күнделікті жұмыстары патрульдік полицейлермен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта облыс орталығында полицияның заманауи екі стационарлық модульді бекеті жұмыс істеуде.

Екеуі де 2019 жылдың аяғында іске қосылды. Олардың біреуі City Mall сауда орталығының ауданында және де екіншісі мәдениет және демалыс саябағының кіре берісіне қойылған. Жұртшылық орталықтағы «модуль» жұмысының ұйымдастырылуымен танысып, адамдар әр түрлі мәселелермен, оның ішінде ішкі істер органдарының жұмысына да қатысты мәселелермен де жүгінетіндерін білді. Тәртіп сақшылары барлық өтініштерді қабылдап, мәселесін айта келгендерге көмектесуге тырысуда. Полицияның имиджін нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау және жұртшылық арасында учаскелік инспекторлардың қызметі жөніндегі жұмыстарды түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру