Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құны 25 млн теңгеге жуық болатын акцизсіз темекіні тәркіледі

СҚО полицейлері құны 25 млн теңгеге жуық болатын акцизсіз темекіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 күн бойы облыс аумағында қоғамдық орындарда адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар кешені өткізілді. Қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін полиция қызметтерінің өзара іс-қимылына баса назар аударылды.

Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алған акцизсіз темекінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпарат пысықталды. Орталық көтерме сауда базарындағы бутиктердің бірінен тәртіп сақшылары заңсыз тауардың 34 560 қорабын тәркіледі.

Алдын ала бағалау бойынша алынған қаражаттың жалпы құны 25 миллион теңгеге жуық. Заңсыз тауар иесі, Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғынына қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру