Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар өткізді

Қарағандыда полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​облысы ПД-ның бастамасымен және Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің көмегімен “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу бойынша оқыту семинары өтті. Оған әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарының инспекторлары, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, заңгерлер, дәрігерлер қатысты. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты.

Семинарда “Сенімен болашақ” ҚҚ Қарағанды ​​филиалының басшысы Индира Тоқмурзина, Қарағанды ​​облысы бойынша “Атамекен” ҰКП іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлия Жәңгірова, ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды ​​академиясының оқытушысы Маржан Құсайынова сөз сөйледі.

Семинар-тренингте сөз сөйлегендер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы тұру және ескерту, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Сондай-ақ әйелдердің түрлі саладағы жетістіктері туралы деректер келтірілді.

Қарағанды ​​қаласы әкімінің 2022 жылғы жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға арналған грантының иегері Арайлым Серікбайды мысалға келтіруге болады. Ол вермикультура әдісімен биогумус өндіруге арналған модельді алаңын әзірлеуге маманданған кәсіпорынды басқарады. Бұл – топырақ құнарлығын арттыруға арналған органикалық экологиялық тыңайтқыш. Әйтсе де, семинар-тренингте атап өтілгендей, әйелдің басты міндеті – отбасы ошағын сақтау. Өйткені отбасы ең маңызды нәрсе. Ол өзара түсіністік пен сенімге негізделген.

Шара аясында барлығына өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер берілді. Сонымен қатар “Шаңырақ” орталығынан шеберлік сабақтары өтті. “Нәтиже” ЖШС өнімдерінің көрмесі жиналғандардың қызығушылығын тудырды.

– Полиция департаментінің ұсынысы және әкімдіктің қолдауымен тамыз айында Қарағанды ​​қаласында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алумен, сондай-ақ оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетумен кешенді түрде айналысатын Бірыңғай отбасылық көмек орталығы құрылды. Бүгінгі күні орталық қызметкерлері 640 адамды қабылдады. Оның ішінде 33 әйел мен бала дағдарыс орталықтарына орналастырылды, 188 адам психологтың кеңесін алды, 318 азаматқа заңгерлік көмек көрсетілді. Орталық қызметкерлері, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша 93 қолайсыз отбасына барды, – дейді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсел Жапарова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру