СҚО полицейлері 1 келіден астам есірткі тәркіледі
СҚО полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында бір келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да полицейлер, партия өкілдері мен қоғам белсенділері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірікті.
20-30 қараша аралығында облыста қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жұмыстары күшейтілді. Күн сайын патрульдеуге ҚР Ұлттық ұланының 250-ден астам полиция қызметкері мен әскери қызметшілері жұмылдырылды. ЖПІШ өткізуге “Аманат” партиясының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер белсенді қатысты. Мыңнан астам рейдтік іс-шара жүргізілді, әрбір бесінші іс-шараға жұртшылық өкілдері қатысты.
ЖПІШ кезінде алкогольді ішудің немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудың 465 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларды медициналық куәландыру, қажет болған жағдайда уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімшесіне жеткізілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз болуының 6 фактісі анықталды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 44 ата-ана жауапқа тартылды. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 121 құқық бұзушылық анықталды. Тұрғылықты жері бойынша 5939 есептік тұлға тексерілді.
– Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті сақтау бойынша тұрақты жұмыс қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар санын 16%-ға, көшелерде – 12%-ға төмендетуге ықпал етті. ЖПІШ өткізу кезеңінде барлығы 4655 түрлі құқық бұзушылық тіркелді, оның 1921-і жол қауіпсіздігі желісі бойынша тіркелген. Атап айтқанда ЖПІШ барысында 34 мас жүргізуші, 334 қиылыстарды өту ережесін бұзу, 53 бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту анықталды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Сондай-ақ іс-шара барысында СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 1 келіден астам есірткі заттарын, 15 бірлік атыс қаруын және 34 мыңнан астам контрафактілік темекі қорабын тәркіледі.