Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жеңгетайлық жасаған әйел қамауға алынды 

Абай облысында жеңгетайлық жасаған әйел қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұдайы негізде жеңгетайлық фактілерін анықтау және интимдік қызмет көрсету үшін притондарды ұстау бойынша пысықтаулар жүргізеді.

Жыл басынан бері Абай облысының жедел қызметкерлері осындай қызмет көрсеткен 6 саунаны жауып, 5 әйелді 2 жылға шартты түрде соттады. Сондай-ақ осы жылы “қызмет көрсеткен” 44 адам жедел есепке алынды.

Абай облысы бойынша барлығы жезөкше санаты бойынша есепте тұрған – 182 әйел.

Мәселен “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу аясы кезінде 53 жастағы әйелге притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырғаны үшін қамауға алынды.

Полиция жедел ақпаратты іске асыру кезінде саунаны анықтады, онда 2 қыз ақшаға интимдік қызмет көрсеткен.

Заңсыз қызметті ұйымдастыруда мекеме әкімшісі ұсталды.

Семейлік әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті мойындау айғақтарын берді, одан үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуі үшін алынған 25 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты және хат-хабарлары бар ұялы телефонды тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру