Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құқық қорғау органдары арасында өткен спартакиадада жеңіске жетті

СҚО полицейлері құқық қорғау органдары арасында өткен спартакиадада жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табельдік қаруды иеленудің жоғары деңгейі полицейлер үшін міндетті шарт саналады. Құқық қорғау органдары арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасының үшінші түрі аяқталды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті қызметкерлері жеңіске жетті. Макаров тапаншасынан ату жарысына әр ведомстводан 3 атқыш қатысты. Погон таққан спортшылар тапанша атуға үш мүмкіндік берілді. Кейінгі 10 патрон есепке алынды.

СҚО ПД қызметкерлері чемпион атанды. Олар 300 ұпайдан 245 ұпай жинады. Екінші және үшінші орындарды ҚР Ұлттық ұланы академиясының және 6637 әскери бөлімінің өкілдері бөлісті. Жекелей есепте алғашқы екі орынды полиция қызметкерлері Шыңғыс Қазизтай мен Жанат Баймұхамбетов иеленді, Ұлттық ұлан академиясынан шыққан Денис Никитенко үшінші жеңімпаз атанды.

Жүлдегер командаларға тиісті дәрежедегі кубоктар мен грамоталар, жеке есепте жеңімпаздарға «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Спартакиаданың келесі түрі – Президенттік тестілеу. Мамыр айының соңында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру