Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы азаматтарға интернет-алаяқтар туралы ескертеді

Алматы полициясы азаматтарға интернет-алаяқтардан сақтану жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда ғаламтор желісінің қарқынды дамуына орай, сонымен қатар электрондық және криптовалюталық төлем жүргізудің мүмкіндіктерінің туындауы интернет алаяқтықтың түрлі әдістері мен тәсілдеріне, ақпараттық коммуникациялық жүйе арқылы ұрлық жасау сияқты алаяқтық қылмыстар жиілеп кеткен.

– Осы орайда азаматтады интернет қызмет түрлерін пайдалануда мұқият болуға шақырамыз. Күмән тудыратын сілтемелерді ашпауға, жеке мәліметтер (ЖСН, IBAN, CCV) берілмеуі керек. Егер сіздің төлем картаңызға белгісіз тұлғалардан ақша түссе және басқа шотқа аударуды өтінсе дереу өзіңіздің банк Call орталығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Егер сіз белгісіз тұлғаның сұрауын орындасаңыз алаяқтардың құрбаны болып қалуыңыз мүмкін, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының киберқылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы Игорь Пудовкин.

Полиция қызметкерлерінің кеңесі:

1. Ешқашан ешкімге өзіңіздің банк карточкаңыздың мәліметтерін, жеке басыңыздың мәліметтерін (жеке куәлік, сурет, төлем картаңыздың суретін, 3 сандық CCV кодын) жолдамаңыз.

2. Интернет арқылы сатып алынатын тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеңіз.

3. Егер сіз жылжымайтын мүлік, көлік немесе тауар сатсаңыз төлемдерді қолма-қол алған дұрыс.

4. Егер тауардың, көліктің немесе жалға беру бойынша хабарландыруда алдын ала төлем жасау керек екені жазылса және байланыс тек WhatsApp желісі арқылы болса, электрондық төлем жүргізудің еш қажеті жоқ.

5. Түрлі мессенджерлер арқылы сізге сілтемелер келсе, ол алаяқтардың тұзағы болу әбден мүмкін.

6. Түрлі сайтта банк карточкаңыздың мәліметтерін жарияламаңыз. Бұл сіздің жеке мағлұматтарыңызды алуға арналған арнайы фишинг сайты болуы ықтимал.

7. Ғаламтор желісі арқылы ұйымдастырылатын ұтыс ойынына қатыспауыңыз керек.

8. Үлкен пайда әкелетін түрлі жобаларға ақша салмаңыз. Сізге басқа шетел абоненттік нөмірі арқылы хабарласып, биржаға, криптовалютаға ақша салуыңызды сұрауы мүмкін.

9. Егер сізге банк қауіпсіздік қызметінен хабарласса, банк қызметкерлері сіздің картаңыздың мәліметтерін немесе құпия сөз және код, сонымен қатар, алаяқтар түрлі телефон абоненттік нөмірін ауыстырып көрсететін домен арқылы хабарласулары мүмкін. Мұндай жағдайда телефон тұтқасын қоя салыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру