Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құқықтық тәртіпті сақтауда көрсеткен көмектері үшін облыстың 230 тұрғынын марапаттады

СҚО полицейлері құқықтық тәртіпті сақтауда көрсеткен көмектері үшін облыстың 230 тұрғынын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауға қатысулары – қоғам тұрақтылығына және заңдылықты нығайтуға қажетті жағдай. СҚО-да полицияның ерікті көмекшілері белсенді жұмыс істейді, оларды патрульдеуге, учаскелік полиция пункттеріндегі бейнебақылауға және қоғамдық тыныштықты сақтаудағы басқа да жұмыстарға тартады. Бей-жай қалмайтын адамдардың тұлғаға не мүлікке қол сұғушылықтың жасалуына жол бермей, қылмыскерді байқап қалып, шошыту не ұстау, із-түзсіз жоғалған тұлғаны үйіне қайтаруға көмек көрсетуі сияқты жағдайлар аз емес.

Жыл соңында СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров 59 жастағы петропавлдық Светлана Морозованы бағалы сыйлықпен марапаттады.

– Жерлесіміздің араласуы қылмыстың алдын алуға және күдіктіні “ізін суытпай” ұстауға септігін тигізді. Адамдардың белсене араласуы құқықтық тәртіптің кепілі екендігінің айғағы, – дейді ол.

Жыл басынан СҚО полицейлері қоғамдық орындарда заңдылықты сақтауға, қылмыстарды ашуға және жолын кесуге көмектескені үшін облыстың 230-дан астам тұрғынын марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру