Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 2021 жылды қорытындылап, келер жылғы басымдылықтарды айқындады

СҚО полицейлері 2021 жылды қорытындылап, келер жылғы басымдылықтарды айқындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Он екі айдағы жұмыс қорытындысы, кемшіліктер, қол жеткізген жетістіктер, сондай-ақ қызметтік жұмыстағы басымдылықтар өңірдің Полиция департаментіндегі қорытынды жедел кеңесте қаралды.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев басшылар мен жеке құрамның назарына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысының талаптарын жеткізді. Облыстық полиция басшысы қарамағындағы қызметкерлерге жұмыстың “сервистік моделіне” көшуге мақсат қойды. Әр полицей қылмысқа қарсы күресу және құқық бұзушылықтың алдын алумен қатар, халықтың өтініштерін қабылдауға, ақыл-кеңес беруге және көмектесуге бағытталуы керек. Басымдылық – тек жұмыстың жедел стилі ғана емес, адамдардың барлық сұрау салуларына сапалы ден қою болып табылады.

Марат Төлебаев 2021 жылдың қорытындысы бойынша СҚО-дағы жедел жағдай тұрақты екендігін атап өтті. Соңғы он екі айда ІІМ жариялаған Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын және “халыққа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы аясында облыс полицейлері ауқымды жұмыс атқарды. Екі ауданда тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттері салынып, қолданысқа берілді, үш жаңа полицияның стационарлық модульдік бекеті ашылды, омниканалдылық принципі бойынша азаматтардың арыздары мен өтініштерін қабылдау бір жолға қойылды, білім беру нысандарын ведомстволық бейнебақылау жүйесіне қосу бойынша жұмыс жүргізілуде, полиция ғимараттарында жаппай бейнебақылау енгізілді. Сонымен қатар, бірқатар кемшіліктер де бар. Атап айтқанда, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жандандыру қажет. Кеңес қорытындысы бойынша Марат Төлебаев қалалық және аудандық полиция бөліністерінің бастықтарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Осындай жедел кеңес жыл соңына дейін өңірдің барлық аумақтық бөліністерінде өтеді, онда кемшіліктер қаралып, келер жылы оларды шешудің жолын әзірленеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру