Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құрылыс алаңына экскаваторды жеткізуге көмектесті

СҚО полицейлері құрылыс алаңына экскаваторды жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қ. тұрғыны СҚО ПД қоңырау шалып, облыстық патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне алғыс білдірді. Өзін Бақытжанмын деп таныстырған ер адам қарашаның 25-і Қызылжар аудагнының орталығы Бескөл ауылындағы құрылыс орнына Steyr жүк көлігінің жүргізушісі екеуі экскаватор жеткізбек болғанын айтады.

Аққайың ауданы Астраханка ауылының маңындағы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының 444 шақырымында көліктерінің қозғалтқышы істен шыққан. Өз беттерімен жөндей алмаған. Абырой болғанда, тіркемесімен тоқтап тұрған жүк көлігін СҚО ПД ППБ қызметкерлері Рият Аңдаспаев пен Нұрсұлтан Жаңбыршин байқайды. Олар көкшетаулықтарды жылыну үшін көліктеріне отырғызып, ыстық шай әкеп береді, кейін «Бекенов Н.В.» ЖК иесінен көмек сұрайды. Экскаватор «Бекенов Н.В.» ЖК берген Volvo ауыр жүк көлігіне тиеліп, діттеген жеріне жеткізіледі. Сынған Steyr жөндеуге дейін «Ксенов» ЖК аумағына қойылды. Бір тәуліктен артық жүріп қалған жүргізуші мен экспедитор үйлеріне келесі күні таксимен жетеді.

– Бұрын-соңды мұндай жағдайға тап болған емеспіз, полиция адамдарға осылай көмектеседі деп ойламаппыз, жігіттерге зор алғыс білдіреміз, – дейді Бақытжан.

СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Уәлихан Оразалинның сөзінше, кәсіпорын басшылары жолда қалған адамдардан көмектерін аямайды. Әр экипаж кезекшілікке түсер алдында қиын жағдайда қалған адамдарға көмек көрсету қажеттігі туралы тапсырма алады. Бұл, әсіресе қыс кезінде өзекті. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында көлік құраладырының техникалық жағдайын тексерулерін, жылы киімдер мен байланыс құралдарын алуларын ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру