СҚО полицейлері рецидивист-ұрыны ұстады
Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 25-тен аса ұрлық жасаған 40 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбінесе рецидивист-ұры сотта кешіріліп отырған, сондықтан оған қатысты қылмыстық істер екі жақтың келісімімен аяқталып келген. Қазір ол шаруашылыққа қажетті түрлі заттар мен азық-түлік ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Осының бәрін Якорь аулынан олжалаған. Полицейлер ұрланған заттың бір бөлігін иелеріне қайтарды. Ұрлықтың екі ай бұрын орын алғанына қарамастан, ұрланған заттарды сатып алатындар анықталды. Спиннинг пен болгарка сол ауылдың тұрғынынан шықты.
– Күдік туғызатын затты сатып алмас бұрын, ұрланған зат анықталған жағдайда сатып алушы ақшасынан, сондай-ақ затынан айырылып қалуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Одан бөлік, ұрланған затты сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген, – дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Қазіргі уақытта екі ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Артында криминалдық әрекеттері бар ауыл тұрғына қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі шешілуде.