СҚО полицейлері рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау бойынша рейд жүргізіп жатыр
Есілдің жағалауы, елді мекендердің шет аймақтары — СҚО полицейлерінің назарындағы аумақ. 9-16 қазан аралығында облыста адамдардың құқықтық санасын арттыруға, мердігерлік ұйымдардың жұмысын тексеруге, коммуналдық, құрылыс және басқа да қалдықтарды басқару саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған республикалық акция өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Табиғатты қорғау бойынша полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары қызметінің қызметкерлері мобильді топтардың құрамында рұқсат етілмеген полигондарды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді. Есіл өзенінің жағасы – Петропавлдың проблемалық аймақтарының бірі. Айналадағы үйлердің тұрғындары, демалушылар – қоқысты биік жағалаудан немесе жақын маңдағы шұңқырға тастайды. Құқық бұзушылықтар анықталған кезде полицейлер абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін хаттамалар жасайды. Баптың санкциясы ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды, бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда 30 АЕК-ге дейін айыппұл салуды көздейді.
– Рұқсат етілмеген полигондардың өсуі — қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Олар адамдардың экологиясы мен әл-ауқатына қауіп төндіреді. Анықталған стихиялық полигондар шаралар қабылдау үшін экология департаментіне одан әрі жөнелту үшін ақпаратты есепке алу кітабында тіркеледі. Сондай-ақ белгіленген ережелерді сақтау тұрғысынан қоқыс шығаруды және сұйық қалдықтарды төгуді қамтамасыз ететін мердігер ұйымдармен жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.