Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері шетелдік студенттерге көші-қон ережелерін түсіндірді

Солтүстік Қазақстан университетінде көші-қон қызметінің қызметкерлері Foundation дайындық курстарына ТМД елдерінен және алыс шетелден білім алу үшін келген шетелдік студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара педагогтердің этномәдени сауаттылықты арттыру жұмысы аясында ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың, дін өкілдерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жас шетелдіктерге еліміз, оның мәдениеті және мінез-құлық ережелері туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында полицейлер визалар беру тәртібін, тұрақты тұруға рұқсат алу және азаматтық рәсімдері туралы түсіндіріп, Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларына қатысты заңнаманың негізгі талаптарын атап өтті.

Жыл басынан бері облыста шетелдіктер жасаған 11 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында осындай кездесулерге жүйелі түрде қатысып, көші-қон заңнамасын түсіндіреді және тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Сонымен бірге, полицейлер шетелдік азаматтарға тегін SIM-карталар, 1 гигабайт интернеті бар туристік карталар және көптілді safetravel.kz порталына QR-сілтемесі бар ақпараттық материалдар таратады. Жоба іске қосылғаннан бері СҚО полицейлері шетелден келген қонақтардың елімізде жайлы әрі қауіпсіз болуына жағдай жасау үшін 30 мыңнан астам осындай картаны үлестірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру