СҚО полицейлері синтетикалық есірткі сататын кезекті веб-дүкенді жапты
СҚО полицейлері синтетикалық есірткі сататын кезекті веб-дүкенді жапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері синтетикалық есірткі сататын кезекті веб-дүкенді жапты. 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол есірткі жасырушы және Telegram мессенджеріндегі “дүкеннің” әкімшісі ретінде, сондай-ақ Петропавл қаласының аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікке іліккен.
Тұрғылықты жері және жауаптарды тексеру барысында анықталған есірткі жасырған орында 5,32 грамм белгісіз зат сатылмай қалған. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның спайс екені белгілі болды. Полицейлер синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшері бір грамнан басталатынын еске салады. Сонымен қатар таразы мен буып-түю материалдары, Telegram мессенджеріндегі дүкеннің қызметіне қатысты дәлелдер алынды.
– Ұсталған адам еш жерде жұмыс істемейді, ешқандай есепте жоқ. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тергеу жүргізілуде. Жыл басынан облыста есірткі сатудың 74 фактісі анықталды, – деп нақтылады СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.