СҚО полицейлері тұрғындарға экстремистік идеологияның қауіптілігі туралы ескертеді
СҚО полицейлері тұрғындарға экстремистік идеологияның қауіптілігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дін туралы шынайы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға болады. Бұл – экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізетін ақпараттық жұмыстың тақырыбы. Полицияның аудиториясы – студенттер, колледждер мен мектептердің жоғары сынып оқушылары. Бұл жұмыстардың міндеті – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың деструктивті діни ағымдарға еріп кетуіне жол бермеу. Халыққа экстремистік идеологияның қауіптілігі, дін саласындағы заңнаманы бұзу үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріледі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары діни сенім мәселелері бойынша ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажет екенін еске салады. Діни материалдарды белгіленген орындардан тыс, оның ішінде интернет желісі арқылы таратуға заңмен тыйым салынады.
– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде, рухани білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда таратуға жол беріледі, – дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.
СҚО-да осындай мамандандырылған 16 дүкен жұмыс істейді, 15-і Петропавл қаласында, біреуі Айыртау ауданының аумағында.