Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “World Cleanup Day – 2023” халықаралық акциясына қатысты

СҚО полицейлері “World Cleanup Day – 2023” халықаралық акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл сайынғы Халықаралық тазалық күніне (World Cleanup Day 2023) қатысты.

16 қыркүйек күні таңертең облыстық және қалалық полиция аппаратының, учаскелік полиция пункттерінің, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері бекітілген аумақтарын тазалауға шықты. Облыс орталығында елуден астам тәртіп сақшысы басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірге Заводская мен Кеншінбаев көшелерінің аралығында Астана көшесін тазалауға барды.

Полицейлер бір-екі сағат ішінде бекітілген аумақтарын түскен жапырақтар мен қоқыстан тазартты. Таза ауада өткен сенбілікке кезекшілікке жұмылдырылмаған 1500-ден астам қызметкер мен басшылар қатысты. 20 бірлік техника пайдаланылды.

СҚО ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Асхат Жомартов айтып өткендей, сенбілік әр ұжымдағы қызметкерлердің басын қосты. Тұрып жатқан, еңбек етіп жатқан елді мекенді тазалықта ұстау әр адамның мндеті.

Полиция қызметкерлері жалпыоблыстық және қалалық сенбіліктерге жиі қатысып тұрады. Сондай-ақ ай сайын әкімшілік ғимараттардың маңындағы аумақтарды тазалап отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру