Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа оқу жылы қарсаңында жол желісін тексеріп жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында Солтүстік Қазақстанның көше-жол желісінде жұмыстар қызу жүріп жатыр. “Назар аударыңыз – балалар!” республикалық акциясы аясында полиция және жергілікті атқарушы органдар облыс орталығы мен аудандардағы оқу орындарының жанында жол инфрақұрылымын жетілдірумен айналысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы, өңірде көше-жол желісінде жұмыстар қызу жүріп жатыр Соңғы кезеңде жол белгілерін жаңарту, жүргізушілердің назарын аудару үшін авариялық қауіпті учаскелерде қойылатын белгілер мен жасанды бұзушылықтарды, манекендерді орнату жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары мектеп автобустарын да тексереді. Олардың талапқа сай болуын жіті қадағалайды.

Акцияға барлық мүдделі бөлімшенің қызметкерлері: патрульдік және әкімшілік полиция, учаскелік инспекторлар тартылды.

– 7 ай ішінде СҚО жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бір бала қайтыс болды, 66-сы жарақат алды. 20 жағдайда зардап шеккен балалар жаяу жүргіншілер болды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты — жол қауіпсіздігін нығайту, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұлов.

Жыл басынан бері СҚО-дағы әкімшілік полиция қызметкерлері 1484 тексеру барысында 12 490 км автомобиль жолдарының жай-күйін тексерді. 4539 ақау анықталды, кемшіліктерді жою туралы 1026 нұсқама берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру