СҚО полицейлері жас қызметкерлер үшін көмекші құрал әзірледі
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жас қызметкерлер үшін көмекші құрал әзірледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Штаб бөліністері ішкі істер органдары жүйесінде ерекше орын алады. Бөлініс қызметкерлерінің күнделікті күйбең тіршіліктері көзге көрінбейді. Олардың міндеттеріне барлық полиция қызметтерінің жұмыстарын ұйымдастыру, талдау, жоспарлау кіреді.
Дегенмен, аталған жұмыстарды орындау бойынша жауапкершілік жоғары, осыған байланысты штаб лауазымдарына өздерін жақсы жақтарынан көрсеткен, әсіресе бұрынғы қызметінде аналитикалық жұмысқа қабілеттілігін танытқан қызметкерлерді қабылдайды. Тіпті осындай жан-жақты қызметкерлердің өзіне де жаңа жұмыс орындарына бейімделуі үшін белгілі бір уақыт қажет. Бұл кезеңді жеңілдету үшін СҚО ПД Штабының бастығы Сәуле Андағұлованың бастамасымен біздің облыста штаб бөліністерінің жас қызметкерлеріне арналған әдістемелік ұсыныстар жинағы әзірленді.
Әдістемелік оқу құралын әзірлеуге Штабтағы бөлімдердің бастықтары Гүлшара Сейдахметова мен Жібек Бөрбасова тартылды. Көпжылдық еңбек өтілдері және практикалық тәжірибелері бар, өз жұмысының қыр-сырын меңгерген штаб қызметкерлері білімдерін, жиған-тергендерін түсінікті, қолжетімді етіп, бір жинаққа топтастырды. Жинақта маңызды деген лауазымдық нұсқаулықтар ережесі қысқаша әрі түсінікті баяндалды. Негізгі бағыттары – аналитикалық құжаттарды, жедел кеңестерге материалдар дайындауды қамтамасыз ету, негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарларын және тағы басқаларды әзірлеу.
Бұл әдістемелік құралға СҚО ПД Заң бөлімінің бастығы оставкадағы полиция полковнигі Серік Тоқтарбаев оң құқықтық бағасын беріп отыр, ол Департаменттің штаб бөлінісіне ұзақ жылдар бойы басшылық еткен. Оның айтуынша, әдістемелік құрал басқа да бөлініс қызметкерлеріне пайдалы, өйткені ІІО барлық қызметтері мен бөліністерінің күнделікті қызметтерінде қолданатын жұмыстың нақты алгоритмдері көрсетілген.
– Полицияның сервистік модельге көшуі кезінде әр бөліністің жұмыс тиімділігін арттыру маңызды. Әдістемелік ұсыныстар жинағы жас қызметкерлерге көмекші құрал ретінде басылды. Мұндай тәжірибе полицияның барлық бөліністеріне келетін қызметкерлердің бейімделуі үшін өте пайдалы деп ойлаймыз, – дейді Сәуле Андағұлова.