Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Жеңіс күніне арнап концерт өткізді

СҚО полицейлері Жеңіс күніне арнап концерт өткізді, – деп атайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер 9 мамыр күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері мен Петропавл тұрғындарына әдемі көңіл күй сыйлады.

Жеңіс солдаты мен оның көршілері үшін СҚО ПД Мәдени орталығының вокалдық тобы ашық аспан астында концерт ұйымдастырды.


Облыстың ішкі істер органдары жүйесіндегі ҰОС-ның 771 ардагері Жеңістің 77 жылдығына дейін жете алмады. Десе де, полицейлер майдангерлерді құттықтаудың игі дәстүрін тоқтатқан жоқ. Департамент басшылығы мен полиция ардагерлері Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесінің ұсынысына қолдау білдірді.


Мереке қарсаңында Интернациональная көшесіндегі үйдің ауласында импровизацияланған концерттік алаң ұйымдастырылды. Басты көрермен Федор Щеглов болды. ҰОС орденінің кавалері 95 жастағы Федор Васильевич 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, танкист болып қызмет еткен.

“Кенигсбергті басып алғаны үшін”, “Жапонияны жеңгені үшін” және тағы басқа медальдары бар. Концер барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманғали Татваев сөз алып, ардагерге жылы лебізін білдірді.

Мереке қарсаңында облыс орталығының ғана емес, аудандық полиция қызметкерлері де жеңіске үлес қосқан ардагерлерге құттықтау сөздерімен барып қайтты. Қызылжар ауданы ПБ бастығының орынбасары Болат Жұмағазин мен полиция бөлімі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Балғабай Рахметов тыл еңбеккерлері Иван Присяжный мен Александр Чубыкинді құттықтады.

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету – ұрпақтардың қасиетті борышы. Бізге бейбіт заман сыйлаған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Полиция қызметкерлері үшін Жеңіс күні – маңызды мейрам. Себебі бұл – елімізді қорғау дәстүрінің және ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз етудің сабақтастығын білдіретін маңызды күн,   – дейді СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру