Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

БҚО бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, мекеме бастықтары, жеке құрам және сала ардагерлері қатысты.

Мерекелік іс-шараның ашылу сәті Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялаумен басталды. Сонан соң сапта тұрған тоғыз жас маман қызметтерінде адал болуға ант берді.


Одан соң Батыс Қазақстан облысы ҚАЖД бастығы Азамат Изтлеуов салтанатты түрде қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерді ҚР Ішкі істер министрінің құқығымен “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін”медалімен, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісімен, үшінші дәрежелі мінсіз қызметі үшін, құрмет грамотасымен, арнаулы атақпен, ҚАЖ комитетінің төрағасының құқығымен алғыс хатпен марапаттады және де Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкімі құқығымен бірқатар ардагерлер мен департамент қызметкерлеріне медаль мен грамоталарды табыстап, мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру