Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды тексерді

БҚО-да пробация қызметкерлері мобильдік топ қатысушыларымен бірге есептегі сотталғандарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теректі аудандық прокуратурасының нұсқауын орындау мақсатында пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында қайта қылмыс жасаудың алдын алу профилактикасы аясында БҚО Теректі ауданы аумағында №1 Теректі аудандық пробация қызметі, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметімен және Теректі аудандық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі өкілдері қатарынан құрылған мобильді топ жұмыс жүргізіп жатыр.

25 қаңтар мен 5 ақпан аралығында БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты  №1 Теректі аудандық пробация қызметі мобильдік топ қатысушыларымен бірлескен түрде пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар тексерілді. Тексеру барысында есепте тұрған тұлғаларға өздері қолдана алатын әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері түсіндіріліп, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасамауы туралы сұхбат жүргізіп, тұрмыстық үй жағдайларын тексеру актісі толтырылып, есепте тұрған тұлғаның шешуді қажет ететін проблемалық сұрақтары анықталды.

Мобильді топ жұмысы аясында есепте тұрған тұлғалар тұратын 4 ауылдық округ аумағы тексерілді. Аталған жұмыс жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру